Қазақстандық жасөспірім Испаниядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстандық жасөспірім Томирис Нұржан Испаниядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетіен.
«14 жастағы қазақстандық теннисші Томирис Нұржан Барселонада (Испания) өткен Open Banc Sabadell U-14 Champion беделді турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда қазақстандық жергілікті теннисшінің қарсылығын 6:4, 6:2 есебімен бұзды», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, чемпион жүлдесін Каталония мэрі жеке өзі табыс етті және біздің теннисшінің жеңіске деген керемет ерік-жігерін атап өтті.
«Осы жеңістің арқасында Томирис тағы сегіз мықты теннисшімен бірге ағымдағы жылдың сәуір айында Барселонада АТР 500 қатар өтетін турнирде осы қалада ойнайтын болады», - делінген хабарда.

adimage