Қазақстандық жеңіл атлет Дохадағы Азия чемпионатында «күміс» иеленді

Астана. 25 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова Дохадағы Азия чемпионатында «күміс» иеленді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Дохада жеңіл атлетикадан Азия чемпионы жалғасып жатыр. 24 сәуірде тұғырға қазақстандық Ольга Сафронова көтерілді. Бұл жолы спортшы 200 м қашықтықта екінші орын иеленді. Ол мәреге 22.87 секундта келді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Еске салсақ, бұған дейін Сафронова 100 м қашықтықта бірінші болған еді. Сондай-ақ, оның активінде  эстафеталық жүгірісте (Ольга Сафронова, Светлана Голендова, Рима Кашафутдинова, Элина Михина) алған «күмісі» бар. Ал, команда қоржынында Элина Михина (400 м) мен Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру) алған күміс, Михаил Литвин (400 м), Маргарита Мукашева (800 м), Иван Иванов (ядро лақтыру) алған қола бар.

adimage