Астана. 23 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Сафронова Азия чемпионы атанып, құрлықта жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Катар астанасы Дохада 22 сәуірде жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының екінші жарыс күні өтті. Ол Қазақстан командасы үшін нәтижелі болды. 100 метрге жарысудан әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова Азия чемпионы атанды. Ол аталған қашықтықты 11:17 секундта жүгіріп өтіп, құрлық додасының жаңа рекордын орнатты. Сафронова бұл көрсеткіші арқылы 2019 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алды», - делінген сейсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, қазақстандық жеңіл атлет Михаил Литвин Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР жаңа рекордын орнатқан. .
«Жеңіл атлетикадан Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден ерлер арасындағы бәсеке аяқталды. Қазақстандық Михаил Литвин мәреге үшінші болып келді. Екі күн ішінде қазақстандық желаяқ еліміздің екі рекордын орнатты. Кеше өткен жартылай финалдық жарыста ол аталған қашықтықты 45.38 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өткен. Бүгін Литвин 400 метрді 45.25 секундта бағындырды. Бұл Қазақстанның жаңа рекорды», - деді ҚР ҰОК-нен.
Сонымен қатар, 800 м қашықтыққа жүгіруден Маргарита Мукашева (2.03,83) үшінші болып келді. Тағы бір қола медаль құрлықтағы біріншілікте Иван Ивановтың есебінде, ол ядро лақтырудан 19.09 м нәтижемен үшінші болды.
Еске салсақ, 22 сәуірде хабарлағандай, жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 400 м қашықтықта қола медаль Элина Михинаға бұйырды.
Қатысты сілтемелер
-
Биыл жазда Алматыда екі саябақ пен жағалау аймағының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр28 Наурыз 2024, 11:26