Астана. 31 мамыр. ҚазТАГ– Қазақстандық жеңіл атлеттер Алматыдағы халықаралық турнирде командалық бірінші орынға ие болды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Алматыда жеңіл атлетикадан атлетике Eurasian Athletics Meeting U-20 халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан командасы бірінші орын иеленді», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, елімізде өткен халықаралық сынға Үндістан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстаннан спортшылар келген болатын.
«іздің команда мүгелері тоғыз алтын, 13 күміс және тоғыз қола медаль еншілеп, жалпы есепте бірінші сатыға көтерілді. Қазақстан қоржынында 254 ұпай бар», - деді ҰОК-нен.
Екінші орында 184 ұпай жинаған Өзбекстан спортшылары. Үшінші сатыға 115 ұпаймен тәжікстандық атлеттер орналасты.
Қазақстандық жеңіл атлеттер Алматыдағы халықаралық турнирде командалық бірінші орынға ие болды
