Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық жеңіл атлеттер Катардағы Азия чемпионатынан екі күміс медаль иемденді, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен. «Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы эстафета аяқталды. Қазақстан командасы аталған сында күміс жүлдегер атанды. Ел намысын Элина Михина, Ольга Сафронова, Светлана Голендова мен Рима Кашафутдинова қорғаған болатын. Біздің команда 400 метрді 43.36 секундта жүгіріп өтті», - делінген хабарда.
Қыздар арасындағы эстафетада Қытай құрамасы жеңіске жетті. .
«Сондай-ақ, эстафеташылардың ізін ала Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден екінші орын иеленді. Ол 1.88 метрді бағындырып, өзбекстандық атлетке жол берді», - деді ҰОК-нен.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев Қазақстанның креативті индустрия өкілдерімен кездесті18 Наурыз 2024, 17:47
-
Түркістан облысында 30 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен18 Наурыз 2024, 17:39
-
Тоқаев Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады18 Наурыз 2024, 16:17
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райының төмендеуі күтіледі18 Наурыз 2024, 13:48