Қазақстандық жеңіл атлеттер Таиландтағы халықаралық турнирден екінші «алтынды» қанжығалады

Астана. 19 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева Таиландтағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Тайландта жеңіл атлетикадан Thailand Open Track & Field 2019 халықаралық турнирі жалғасуда. Бүгін Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Елизавета Матвеева биіктікке секіруден алдына жан салған жоқ. Ол 1.83 метрді бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты», - деп хабарлады жексенбіде ҰОК.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық жеңіл атлет Мария Овчинникова Thailand Open Track & Field 2019 турнирінде үш рет секіруден алтын иемденген еді.

adimage