Қазақстандық журналистер делегациясы сапармен Қытайға келіп жетті

Күні: 09:16, 04-11-2014.

Бейжің. 4 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандық журналистер делегациясы Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығының шақыртуы бойынша жұмыс сапарымен Қытайға келіп жетті, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі сейсенбі телефон арқылы.
Қауымдастықтың халықаралық бөлім қызметкері Тань Уцзунь хабарлағандай, Қазақстаннан келген қонақтар Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығы басшылығының қабылдауында болып, астаналық «Бейжің жибао» мен «Гуаньмин жибао» газеттерінің редакцияларына бас сұғады, Шанхайда «Шығыс» және «Шанхай» атты медиахолдинг қызметтерімен танысады, сондай-ақ сол қалада көрмелік павильон мен Пудун өнеркәсіптік ауданын шолып шығады.
Делегация құрамында Қазақстан Журналистер Одағының басқарма төрағасы Сейітқазы Матаев, «Дат – общественная позиция» жобасының жетекшісі Ермұрат Бәли, «Новая Газета – Казахстанның» бас редакторы Александр Краснер, «Айғақ» баспа үйінің президенті Дулатбек Әбіш, Қазақстан Журналистер Одағының Батыс Қазақстандағы филиал төрағасы Ибрагим Жүсіпқалиев бар.


Жаңалықтармен бөлісу: