Қазақстандық Злобина Брестте жүзуден халықаралық турнирде «алтын» иемденді

Күні: 12:24, 04-07-2019.

Астана. 4 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық Диана Злобина Брестте жүзуден халықаралық турнирде «алтын» иемденді, деп хабарлады ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) қызметінен.
«Беларусьтің Брест қаласында жүзуден халықаралық турнир өтіп жатыр. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандық спортшылар төрт қашықтық бойынша финалға өтіп, Диана Злобина алтын жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшы 400 метрге кешенді әдіспен жүзуден бірінш іорын иеленді. Ол Беларусь өкілдері Елизавета Радюк пен Оксана Большакованы артта қалдырған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда айтылғандай, 100 метрге еркін әдіспен жүзуден Қорлан Әмірханова бесінші орын иеленсе, 100 метрге шалқалай жүзуден Анастасия Резванцева төртінші сатыда.


Жаңалықтармен бөлісу: