Қазақстанмен шекараға дейінгі қысқа жолды Ресейдің Омск облысы жөндейді

Күні: 17:30, 01-02-2019.

Алматы. 1 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанмен шекараға дейінгі қысқа жолды Ресейдің Омск облысы жөндейді, деп хабарлады «ОмскИнформ».
«Омск облысының билігі Қазақстанға келетін қысқа жолды жөндеуді шешті – Одесса аудан орталығы арқылы. Қазір оның жағдайының нашарлығынан омскіліктер көрші мемлекетке айналып баруға мәжбүр, яғни Есіл ауданы, ары қарай Петропавл арқылы барады»,- делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Омск–Одесса–Қазақстан Республикасының шекарасы автокөлік жолының жекелеген учаскелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге 178,8 млн рубль бөлінеді.
«Мердігерді анықтау бойынша байқау 18 ақпанда өткізіледі. Барлық жұмыстарды 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүргізу керек», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: