Қазақстаннан Ресей Федерациясына күн сайын 15 мыңға жуық азамат кетіп жатыр – ҚР ІІМ

Алматы. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Күн сайын Қазақстаннан Ресей Федерациясына 15 мыңға дейін азамат кетіп жатыр, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов.
«Қазақстаннан Ресей Федерациясына күн сайын 15 мыңға жуық азамат кетіп жатыр», - деді Аталықов дүйсенбі күні көші-қон комитетінің онлайн-брифингінде. Оның айтуынша, ЕАЭО қатысушыларының ЕАЭО елдерінің аумағында болуына, мемлекеттік шекарадан өткеннен кейін уақытша есепке тұрмастан 90 тәулікке қана рұқсат етіледі.
«Бұл мерзім оларға да (Ресейдегі қазақстандықтар – ҚазТАГ) таратылады, олар да Ресейде 90 күн еркін жүре алады», - деп ескертті Аталықов.

adimage