Қазақстаннан Ресейге 350 дана жаңа кесілген киік мүйіздерін алып өтпек болған

Астана. 11 қараша. ҚазТАГ – Қазақстаннан Ресейге 350 дана жаңа кесілген киік мүйіздерін алып өтпек болған, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК шекара қызметінің (ШҚ) баспасөз қызметінен.
«10 қараша күні сағат шамамен 19.20-да Орал шекара жасағының учаскесінде «Сырым» өткізу бекетінде Орал-Самара бағытында кетіп бара жатқан Chrysler көлігінің жүк салғышынан тексеру барысында жалпы салмағы 120 кг (алдын-ала болжалды бағасы Т439,35 млн) 348 дана жаңа кесілген киік мүйізі салынған екі жол сөмкесі табылған. Көлікті 1972 жылы туған азамат айдап келе жатқан», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Ұсталған азамат Бәйтерек ауданы Приуральный ПБ қызметкерлеріне ары қарай шараларды қолға алу үшін тапсырылды.
«Аталмыш дерек ҚР ҚК 339-бабына сәйкес (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сәйкес келеді», - деді ҰҚК шекара қызметінен.

adimage