Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты 2019 жылдың І тоқсанында 2% төмендеді

Алматы. 16 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстаннан Ресейге тауар экспорты 2019 жылдың І тоқсанында 2% төмендеді, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы 2019 жылдың қаңтар-наурызында $4,1 млрд құрады. Бұл 2018 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 0,7% жоғары. Бұл ретте экспорт $1,2 млрд (- 2%), импорт $2,9 млрд (+ 1,9%) құрады», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Қазақстанның Еуразия экономикалық одақ елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемі Ресейге 92,8%-дан келеді.

adimage