Қазақстанның 1 сәуірдегі жағдай бойынша резервтік активтері импорттың жеті айдан астамын қаржыландыру қажеттілігін жабады

Күні: 15:18, 08-05-2019.

Алматы. 8 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның 1 сәуірдегі жағдай бойынша резервтік активтері импорттың жеті айдан астамын қаржыландыру қажеттілігін жабады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Резервтік активтер 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 27,0 млрд АҚШ долларынға бағаланды, ол тауарлар мен қызметтердің қазақстандық импортының 7,1 айын қаржыландыру қажеттілігін жабады», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Бұл ретте Ұлттық банк нақтылағандай, резерв көлемі ҚР Ұлттық қорының активтерін есепке алмай есептелген.


Жаңалықтармен бөлісу: