Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 сәуірде түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с. Алматы қ.: 26 сәуірде түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ.: 26 сәуірде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20, екпіні 25 м/с», – делінген хабарда.
26 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.
26 сәуірде түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, Алакөл көлдері аудандарында кей уақытта 23-28 м/с. Талдықорған қ.: күндіз 26 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
26 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының шығысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 26 сәуірде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
26 сәуірде Ақмола облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
26 сәуірде Маңғыстау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
26 сәуірде түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман күтіледі.
26 сәуірде Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с күтіледі.
26 сәуірде Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 26 сәуірде жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 26 сәуірде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
26 сәуірде Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында кей уақыттарда найзағай, дауыл. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Шымкент қ.: 26 сәуірде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с. Түркістан қ.: 26 сәуірде кей уақыттарда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15- 20 м/с.

Фото көзі: pixabay.com


adimage