Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлгінің баспасөз қызметінен.
«Қазгидромет» РМК ақпарынша, еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Нұр-Сұлтан қ: 17 қыркүйекте оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
17 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ: 17 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күшейеді.
17 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: күндіз 17 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.
Күндіз 17 қыркүйекте Алматы облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде күші 15-20 м/с. Талдықорған қ.: күннің соңында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с.
Күндіз 17 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі.
17 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі.
Күндіз 17 қыркүйекте Батыс-Қазақстан облысының шығысында солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с.
17 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 30 м/с және одан аса күтіледі.
17 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23 м/с жетеді.
17 қыркүйекте түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23 м/с күтіледі.
Күндіз 17 қыркүйекте Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
17 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. 17 қыркүйекте кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі.
тәулік бойы 17 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
17 қыркүйекте Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34