Қазақстанның 2019 жылға арналған бюджет тапшылығы ІЖӨ 2,1% дейін көбейтілді

Күні: 14:45, 12-03-2019.

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстанның 2019 жылға арналған бюджет тапшылығы ІЖӨ 1,5%-нан 2,1% дейін көбейтілді, деп мәлім етті ұлттық экономика министрі Руслан Даленов.
«Жаңа бастамаларды қаржыландыру үшін (Қазақстан халқына жолдауы мен «Нұр Отан» партиясының XVIII съезіндегі тапсырмалары) 2019 жылы Ұлттық қордан кепілді тарнсфертті 250 млрд теңгеге арттыру яғни, 2450 млрд теңгеден 2700 млрд теңгеге жеткізу, тапшылықты ІЖӨ 1,5%-нан 2,1%-на дейін көбейту жоспарлануда», - деді Даленов сейсенбідегі үкіметтің отырысында.
«Осыны ескере отырып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілді тансферті туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы» тиісті заң жобасы сіздің қарауыңызға енгізіледі. Сондай-ақ, Ұлттық қордан тікелей инвестициялар қорын құру үшін 370 млрд теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделген. Бұл ретте, кіріс пен пайдалану ескерілгенде Ұлттық қор кірісі оң болады (165,4 млрд теңге)», - деді ол.
Оның айтуынша, мұнайлы емес тапшылық 2019 жылы ІЖӨ 8,4%-нан аспайды. Республикалық бюджет шығындары 11,9 трлн теңге көлемінде деп болжануда (11 895,2 млрд), бекітілген көлеммен салыстырғанда 1,2 трлн теңге артық (1 168,1 млрд).
Министр атап өткендей, 2019 жылы ІЖӨ нақты өсімі 3,8% деңгейінде деп бағалануда.


Жаңалықтармен бөлісу: