Қазақстанның 83 ауылында «оптоталшықтар» төселді - Жұмағалиев

Күні: 16:13, 28-10-2019.

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Қазақстанның 83 ауылдық елдімекенінде талшықты-оптикалық желісі іске қосылды, деп мәлімдеді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің министрі Асқар Жұмағалиев.
«Бірінші кезең – талшықты-оптикалық желісінің құрылысы. Жобаны жүзеге асыру 1250 ауылдық елді-мекенде жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 2019 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша талшықты-оптикалық желісі 83 ауылдық елдімекенде қосылды, соның ішінде 85 денсаулық сақтау нысаны мен 76 білім беру нысаны бар», - деді Жұмағалиев дүйсенбі күні мәжілістегі «250-ден астам тұрғыны бар елдімекендердің интернетке қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбындағы үкімет сағатында.
Министрдің айтуынша, 2019 жылдың аяғына дейін интернет желісіне 685 ауыл, 2020 жылы қалған 509 ауыл қосылады деп жоспарлануда.
«Екінші кезең – 4G (LTE) мобильді байланысы желісін және басқа да технологияларды дамыту жолымен 2020-2022 жылдары интернетпен 3143 ауылды қамтуды жопарлауда», - деді Жұмағалиев.
Ол жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру аясында 2020 жылдың аяғына дейін 250 және одан жоғары тұрғыны бар 880 ауылдың кеңжолақты интернетке қолжетімділігі қамтамасыз етілетінін атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: