Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

Күні: 19:32, 04-04-2019.

Астана. 4 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Марат Алмасұлы Әзілханов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Әзілханов 2018–2019 жылдары — ҚР Қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы, 2016–2018 жылдары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы болған. Оған дейін 2014–2016 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған.
Еске салсақ, Әзілханов 6 наурызда қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босаған болатын. Оның орнына Жанат Қожахметов тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: