Қазақстанның алты өңірі өнеркәсіп бойынша теріс өсім көрсетіп отыр – ҰЭМ

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанның алты өңірі өнеркәсіп бойынша теріс өсім көрсетіп отыр, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Даленов.
«Өнеркәсіп бойынша алты өңір теріс өсім көрсетіп отыр: Қызылорда, Павлодар, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстары. Мына өңірлерде мұнай өндірісі қысқарған - Атырау, Қызылорда, Маңғыстауда, газ конденсаты мына өңірлерде азайған - Батыс Қазақстан облысы, мұнайды қайта өңдеу – Павлодарда, және жайпақ прокат пен қоспасыз болат өндірісі азайған», - деді Даленов сейсенбідегі үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ол хабарлағандай, негізгі капиталға инвестиция бойынша төмендеу Шымкент пен Нұр-Сұлтанда, сондай-ақ Маңғыстау облысында сақталған.
«Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте бірнеше көрсеткіш бойынша төмендеу байқалуда: Маңғыстауда – инвестиция, құрылыс пен өнеркәсіп, сондай-ақ, тау-кен өндірісі; Нұр-Сұлтанда – инвестиция, құрылыс және үйлерді пайдалануға беру; Шымкентте – инвестиция, тау-кен өндірісі, үйлерді пайдалануға беру көрсеткіші төмендеген», - деді Даленов.
Сонымен қатар, ол атап өткендей, аталмыш өңірлерде инфляция деңгейінің орташа республикалық мәннен жоғары екені байқалған.

adimage