Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 19:23, 26-12-2018.

Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның алты облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27-28 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қ.: 27 желтоқсанда түнде бұрқасын болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы– 90-95%», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
27 желтоқсанда Маңғыстау облысы бойынша кей жерлерде көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«27-29 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде жолда көктайғақ, тұман сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%
27 желтоқсанда түнде Атырау облысының кей жерлерде жел15-20 м/с дейін күшейеді, 27-29 желтоқсанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Атырау қ.: 27-29 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы - 85-90%.
«27 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде жауын-шашын, түнде қатты жауын-шашын,кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 17-22 м/с дейін күшейеді, күтіледі. Орал қ.: 27 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді, қатты жауын-шашын бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-98%», - деді синоптиктер.


Жаңалықтармен бөлісу: