"Сұңқар" бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастырып жатыр. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің “Сұңқар” арнайы жасағы барлық кезеңде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте күміс жүлдені жеңіп алды»,- делінген хабарламада.
Дубайда өткен халықаралық SWAT Challenge жарысы өз мәресіне жетті, бұл беделді сайысқа әлемнің 80 елінен 100-ден астам арнайы жасақ бөлімшесі қатысып, бес күн бойы тактикалық, штурмдық, құтқару операциялары, кепілдегі адамдарды босату және кедергілер жолағын еңсеру бойынша өз шеберліктерін көрсетті.
Олардың қатарында ҚР ҰҚК “Арыстан” және “SSN Aktau”, МКҚ-ның “Сардар” арнайы жасағы, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан құрамасы бар.
«Биылғы сайыстың тарихи ерекшелігі – Ішкі істер министрлігінің арнайы жасақтарының атынан алғаш рет “Томирис” әйелдер командасының қатысуы. Оның құрамында конькимен жүгіру спорты бойынша әлемдік рекорд иегері, 2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, спорт шебері және күштік спорт түрлері бойынша түрлі деңгейдегі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері бар»,- делінген хабарламада.
Фото көзі: polisia.kz