Қазақстанның астық қабылдайтын пунктері 14,1 млн тонна астық қабылдай алады - АШМ

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Бүгінгі күні республикада жалпы сақтау сыйымдылығы 14,1 млн. тонна 215 астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді, деп мәлім етті АШМ баспасөз қызметінен.
Ведомство сайттында атап көрсетілгендей, егін жинау науқанының басынан бастап 2014 жылғы 24 қазанға дейін астық қабылдау пункттеріне 5,1 млн. тоннаға жуық жаңа егін астығы келіп түсті, соның ішінде
бидай – 4,4 млн. тонна (жұмсақ – 4,2 млн. тонна, қатты – 0,2 млн. тонна), арпа – 0,5 млн. тоннаға жуық, өзге де дақылдар – 0,2 млн. тонна.
Сақтауға келіп түскен 4,2 млн. тонна жұмсақ бидайдың ішінен 1-2-3-сынып сапасына 3,4 млн. тонна немесе 81,0%, 4-5-сыныпқа – 0,6 млн. тонна немесе 14,3% сәйкес келеді, 0,2 млн. тонна немесе 4,7% сыныпсыз болып табылады. Астық қабылдау пункттері барлығы 2,4 млн. тоннаға жуық астығын кептіріп, 2,8 млн. тонна астық өңдеді (тазартты).
Жауын-шашыннан АҚК-ға ылғалдылығы 30%-ға дейін жоғары астық келіп түсетіндіктен, оны кептіруге, тасымалдау мен өңдеуге 53,5 мың тонна дизель отыны (қазан – қарашаға) қосымша бөлінді. 24 қазандағы жай-күй бойынша облыстардың операторлары 27,7 мың тонна дизель отынына немесе жоспарланған көлемнен 52% төлем жүргізді. Астық кептіруге арналған 20,1 мың тоннаға жуық (38%) дизель отыны тиеп жөнелтілді.
Астық құнына қатысты 2014 жылы 3 сынып жұмсақ бидайына баға ішкі нарықта тоннасына 42 000 теңгеге жуық қалыптасуда, бұл өткен жылғы деңгейден біршама жоғары (тоннасына шамамен 25000 – 28 000 теңге), 4 сынып бидайының құны тоннасына 36 000 теңге, 5-сынып –28 000 теңге құрайды. Астық шығыстары мен сапасының төмендеуі ағымдағы жылы астық бағысының артуы есебінен өтеледі.

adimage