Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды

Астана. 26 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Қалиев 2019 жылдың тамызынан бастап СІМ сыртқы саяси талдау және болжамдау департаментінің директоры болған, оның алдында 2014 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Қазақстанның ОАР-дағы төтенше және өкілетті елшісі, 2012 жылдың ақпанынан 2014 жылдың ақпанына дейін Румыниядағы Қазақстанның уақытша сенімді өкілі қызметін атқарған.

adimage