Астана. 7 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов тыңшылық және мемлекеттік опасыздық ісі бойынша сотталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік құпияларды жария ету, тыңшылық және мемлекеттік опасыздық фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді аяқтады. 2022 жылғы 21 қыркүйекте Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М. Шайхутдиновты (Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары) ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», - делінген жұмадағы хабарламада.
Атап өтілгендей, Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковскийдің (ҚК-нің 175-б. 1б. – мемлекетке опасыздық жасау) және О.Жданның (ҚК-нің 176-б. – тыңшылық) кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылды.
«Арнайы іс-шаралар кешенінің басқа да кезеңдерін іске асыруды ескере отырып, шет елдік арнаулы қызметтердің қай елге тиесілі екені және қылмыстық іске қатысы бар адамдар туралы өзге деректер жария етілуге жатпайды», - деп түйіндеді ҰҚК.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34