Қазақстанның айырбас пункттерінде шетел валютасына сұраныс өсуде – Ұлттық банк

Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан айырбас пункттерінде шетел валютасына сұраныс өсуде, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.
«Экономикалық белсенділікті қайта қалпына келтіру фонында айырбас пункттерінде қолма-қол шетел валютасына деген сұраныс артуда. Орта есеппен жыл басынан бері айырбас пункттері ай сайын $385 млн шетел валютасын сатуда, бұл 2018 және 2019 жылдардағы орта көрсеткіштен төмен, ол кезде ай сайынғы сатулар сәйкесінше, $575 млн және $653 млн құраған», - деді жұма күні Ұлттық банктің монетарлық операция департаменті директорының орынбасары Иван Сердюк.
Ұлттық банктің алдын-ала бағасы бойынша, шілдеде халыққа валюта сатылымының нетто-көлемі $450-500 млн құраған.

adimage