Қазақстанның бұрынғы энергетика вице-министрлерінің ісі қайтадан сотқа түсті

Астана. 14 маусым. ҚазТАГ-Қазақстанның бұрынғы энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен Бақытжан Жақсалиевтің ісі қайта сотқа түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Жан Иманғалиұлы Нұрбеков, Бекзат Алдаберліұлы Қадырберлин, Серікбай Қабдрашитұлы Жұмалинов, Ғани Қалыбайұлы Сәдібеков, Дәурен Тұрлығазыұлы Дуанбек, Бақытжан Мұхамбетқалиұлы Жақсалиев, Нұрлан Ғарифолла, Берден Сақтағанұлы Жаркенов", - делінген Сот кабинетінде орналастырылған процестің тараптары туралы ақпаратта.
Іс Нұр-сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының қылмыстық істер жөніндегі №2 сотына келіп түсті. Бұл ретте Сот кабинетінде іс туралы мәлімет жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 2 наурызында Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д.Дуанбекпен сөз байласып, Щучье – Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазалауға бөлінген Т1 млрд аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода мәлімдегендей, қылмысқа Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаментінің басшысы Жан Нұрбеков пен мердігер с.Жұмалинов пен Бекзат Қадырберлин де қатысты.
Сонымен қатар, 2018 жылдың маусым айының басында Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевті тергеу нұсқасы бойынша мемлекетке т740 млн.астам сомаға залал келтірді деген күдікпен үйқамаққа алғаны белгілі болды, ол 2015 жылы ""аймақ и К"ЖШС мердігерлік ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды" деп күдіктелуде.

adimage