Қазақстанның банктік нарығы тамызда 1,5%-ға өсті

Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. Қазақстанның банктік нарығы 2020 жылдың тамыз айында 1,5%-ға өсті, деп хабарлады Ұлттық банк.
«Қазақстандық банктердің активі тамызда 1,5%-ға немесе Т445 млрд өсіп, Т29,6 трлн. дейін жетті. Банк аткивтеріндегі қаржы тамыз айында 2% немесе Т801 млрд. өсті», - делінген ресми сайтта орналасқан Ұлттық банк есебінде.
Банк міндеттемелері тамызда 1,5%-ға өсіп, Т25,8 трлн. дейін жетті. Ал жедел салымдар 34%-ға өсіп, Т201 млрд. дейін жетті.
Тамызда банк капиталы 1,7%-ға өсіп, Т3,8 трлн. дейін жетті.

adimage