Қазақстанның барлық қалаларында ХҚКО жабық

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстанның барлық қалаларында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жабық, деп хабарлады ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
«Президенттің тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның барлық қалаларында ХҚКО жабық. Бұл ретте мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамы egov.kz порталында қолжетімді», - деді Абаев бейсенбідегі брифингте.
Бұл ретте ол атап өткендей, кейбір қызметтер мобильді қосымшада, Telegram мен әлеуметтік желілерде қолжетімді, алдағы күндері қызмет саны артады.
Абаевтың айтуынша, 21 нуарызға дейін ХҚКО-на құжат тапсырған азаматтар дайын нәтижелерін 28 наурызға дейін ала алады. 30 наурыздан бастап әр қалада дайын өқұжаттарды беруге арналған бір ғана ХҚКО жұмыс жасайтын болады.
Абаев мәлімдегендей, арнайы ХҚКО-лар да өз қызметтерін онлайн арқылы көрсетеді, құжаттарды беру қолма-қол жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 428 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 19 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 109 жағдайы тіркелген. 25 наурызда белгілі болғандай, коронавирус жұқтырған екі қазақстандық емделіп шыққан.

adimage