Алматы. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігінң 30 жылдығына орай «Жасыл қала-жасыл ауыл» жобасын іске қосуды тапсырды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жасыл ел» қозғалысының базасында жалпыұлттық «Жасыл қала – жасыл ауыл» жобасын іске қосу қажет. 20 жыл ішінде Астана айналасында қолмен жасалған орман тұрғызылды – бұл 80 мыңнан астам гектар жасыл көшеттер, соның арқасында қала барынша жайлы және экологиялық таза болды. Астана мысалы бойынша барлық өңірде елді мекендердің жасыл экожүйесін дамыту керек», - деді Н. Назарбаев.
Қазақстанның барлық өңірінде жасыл экожүйені дамыту керек - Назарбаев
