Aстана. 20 қазан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанның барлық түрмесінде бейнерегистраторлар енгізіледі, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
«Алда бейнерегистраторларды барлық түрмелерде қолданатын болады, кезекші жасаққа, қадағалау қызметіне бейнерегистраторсыз сотталушымен кездесуге тыйым саламыз», - деді Қ.Қасымов дүйсенбіде парламент мәжілісінің үкімет сағатында.
Ол 2014 жылы ІІМ пилоттық режимде Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында бейнерегистраторлар қолданыла бастайтынын еске салды.
«Бұл арнайы контингентке қадағалау жасауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ сотталғандардың құқықтарының бұзылуының алдын алуға және даулы жағдайларды шешуге көмектеседі», - деп атап өтті министр.
Қатысты сілтемелер
-
Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі2 Маусым 2023, 11:59
-
Қазақстанда Астана күніне байланысты 1 шілдедегі сенбі басқа күнге ауыстырылды1 Маусым 2023, 19:00
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т0,96-ға түсіп, Т448,67/$1 болды1 Маусым 2023, 18:41