Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

   Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ- Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
  «Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райын сақтайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді»,- делінген жұма күні таратылған хабарламада.
  Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.

Фото көзі: pixabay.com


adimage