Қазақстанның басым аумағында алдағы үш күнде аномалды жылы ауа райы сақталады

Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның басым аумағында алдағы үш күнде аномалды жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанға Атлант мұхитынан ауа массаларының жылжуына байланысты республиканың бірқатар облысында жоғары аномалды ауа температурасын сақталады», - делінген 21-23 қаңтарға арналған дүйсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, күндізгі ауа температурасы барлық аймақтарда дерлік 0-ден минус 8°С-ге дейін, қиыр оңтүстікте 0-ден плюс 5°С-ке дейін болжанады. Ал Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық фронттар күшті екпінді жел мен көктайғақтың болуына алып келуі мүмкін
«Қарлы бұрқасын мен тұман жолдардағы көру мүмкіндігін 50-500 м дейін төмендетеді», - деп ескертті синоптиктер.

adimage