Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады деп күтілуде

   Астана.31 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет»РМК баспасөз қызметі.
   «Еліміздің көп бөлігіндегі ауа-райын ауқымды солтүстік-батыс антициклоны анықтайды, жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады деп күтілуде. Суық ауа массалары күндізгі уақытта біртіндеп жылынады. Республиканың тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері белсенді фронтальды бөлімдері бар Оңтүстік циклонының ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады»,- делінген хабарламада.
Қазақстан бойынша жел 15-25 м/с күшейед, оңтүстікте шаңды дауылмен деп күтілуде. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус үсік болады деп болжануда.
   Ауа температурасы күндізгі сағаттарда батыста және солтүстік-батыста 13-20 жылыға дейін, солтүстікте 7-15 жылыға дейін, еліміздің орталығында 10-20 жылыға дейін, шығыста 0-10 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5-18 жылыға дейін жоғарылауы болжанады.

adimage