Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

Күні: 12:06, 26-07-2021.

Астана. 26 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Аптаның басында Мәскеу аудандарынан келетін антициклон елдің көп бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты салқын ауа массалары жылудың төмендеуіне әкеледі. Және негізінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Түндер салқын, ал күндізгі температура ыңғайлы болады деп күтіледі. Ал республика аумағындағы ауа-райды төмен қысымды алаң анықтайтын болады. Солайша, 28 шілдеде батыс пен шығысқа, 28-29 шілдеде Қазақстанның солтүстігіне, солтүстік-батысына және оңтүстік жартысына, 29 шілдеде орталыққа, күн күркіреп, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр, сондай-ақ бұршақ жауады деп болжануда», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының төмендеуі түнде 8-16, ал күндіз 17-30 жылыға жетеді. Орталықта және шығыста түнде 8-18 дейін, күндіз 22-30 дейін жылы болады.


Жаңалықтармен бөлісу: