Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні жауын-шашынсыз, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«ҚР басым бөлігінде ауа рйаы жауын-шашынсыз. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР батысында, солтүстік-батысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. ҚР бойынша жел тұрады, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +15+17, күндіз +33+35.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +15+17.
Шымкентте аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +32+34, түнде +17+19.
Ақмола облысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз +31+36, түнде +14+19 (солтүстігінде, шығысында +11).
Алматы облысында күндіз +26+31, түнде +11+16.
Жетісу облысында күндіз +24+29, түнде +8+13.
Түркістан облысында басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз +32+37, түнде +15+20.
Батыс Қазақстан облысында күндіз +29+34, түнде +17+22.
Атырау облысында басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +31+36 (батысында +28), түнде +21+26.
Маңғыстау облысында солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз +34+39 (батысында +25+30), түнде +18+23 (оңтүстігінде +26).
Ақтөбе облысында басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі. Оңтүстіігде, оңтүстік-батысында аптап ыстық болады. басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болуы мүмкін, оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күітледі. Күндіз +33+38 (оңтүстік-шығысында +41), түнде +18+23 (солтүстігінде +14).
Қостанай облысында басым бөлігінде аптап ыстық күітледі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі. Басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +33+38 (оңтүстігінде +41), түнде +16+21.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде аптап ыстық және жоғары өрт қаупі күтіледі. Күндіз +31+36, түнде +13+18 (оңтүстік-шығысында +10).
Павлодар облысында шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +27+32, түнде +10+15.
Қарағанды облысында шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +28+33 (шығысында +25), түнде +12+17 (шығысында +8).
Ұлытау облысының басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі. Күндіз +30+35, түнде +14+19.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз +21+26 (шығысында +16), түнде +2+7 (оңтүстігінде + 12).
Абай облысында солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +23+28, түнде +5+10 (батысында +2).
Қызылорда облысында басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз +34+39, түнде +18+23.
Жамбыл облысында басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Күндіз +28+33, түнде +13+18.
«Алдағы тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда жыл сайын мас жүргізушілердің кесірінен 700 адам қаза табады17 Сәуiр 2024, 15:18
-
Шымкентте алаяқтық жасағаны үшін нотариус төрт жылға сотталды17 Сәуiр 2024, 14:57