Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні ашық және аязды ауа райы күтіледі

Астана. 29 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде сейсенбі күні ашық және аязды ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Ашық және аязды ауа райы сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын түседі (жаңбыр, қар), тұман түседі, көктайғақ. ҚР бойынша жел күшейеді, солтүстік-батысында, оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында тұман түседі», - делінген хабарда
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -21-23, күндіз -12-14.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын түспейді. Түнде тұман түседі. 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз -1+1.
Шымкентте күн бұлтты, кейде жауын-шашын түседі (көбіне жаңбыр жауады), тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел тұрады, түнде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +6+8.
Ақмола облысында күндіз -11-16, түнде -19-24 (солтүстік-шығысында -27).
Алматы облысында күндіз -2+3, түнде -5-10.
Жетісу облысында солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 30 м/с және одан да жоғары қатты жел тұрады. Күндіз -5-10, түнде -20-25 (оңтүстігінде -15).
Түркістан облысында күндіз +4+9 (солтүстігінде 0, -5), түнде -1+4 (солтүстігінде -6-11).
Батыс Қазақстан облысында күндіз -3-8, түнде -5-10.
Атырау облысында күндіз 0,-5 түнде -5-10.
Маңғыстау облысында күндіз 0, +5 (солтүстік-шығысында -3), түнде 0, -5 (солтүстік-шығысында -8) .
Ақтөбе облысында күндіз -5-10 (солтүстік-шығысында -13), түнде -7-12 (солтүстік-шығысында -15).
Қостанай облысында күндіз -13-18 (оңтүстігінде -8), түнде -21-26 (оңтүстігінде -11-26).
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз -15-20 (солтүстік-батысында -12), түнде -23-28 (оңтүстік-батысында -18).
Павлодар облысында күндіз 20-25, түнде -29-34 (солтүстігінде -26).
Қарағанды облысында күндіз -12-17 (солтүстігінде -20, оңтүстігінде -7), түнде -20-25 (солтүстігінде, шығысында -31, оңтүстігінде -14).
Ұлытау облысында күндіз -5-10 (солтүстігінде -13), түнде -9-14 (солтүстігніде, шығысында -18).
Шығыс Қазақстан облысында күндіз -20-25 (оңтүстігінде -17), түнде -33-38 (солтүстік-шығысында -43, оңтүстігінде -28).
Абай облысында күндіз -20-25 (оңтүстігінде -10-25), түнде -32-37 (шығысында -40, оңтүстігінде -27).
Қызылорда облысында күндіз 0,-5 (оңтүстігінде +3), түнде -5-10 (оңтүстігінде -2).
Жамбыл облысында күндіз +1+6, түнде -3-8.
"Алдағы үш тәулікте еліміздің оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендерде су деңгейінің құбылуы және мұз қату байқалады", - деп ескертті синоптиктер.

adimage