Қазақстанның басым бөлігінде синоптиктер жылы, жауын-шашынды ауа райы күтіледі деп болжауда

Астана. 29 желтоқсан. ҚазТАГ - Қазақстанның басым бөлігінде синоптиктер жылы, жауын-шашынды ауа райы күтіледі деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдын ала болжам бойынша қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын күтіледі. Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі. Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағнасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді», - делінген сенбіде таратылған 2019 жылдың қаңтарына арналған ҚР бойынша консультативті ауа райы болжамында.
Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады. Ауа температурасы: түнде 2...7, кей жерлерде 12 дейін аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 дейін аязды құрайды.
Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші декаданың басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
«Синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам бірталай өзгерістерге ұшырауы мүмкін», - деп атап өтті синоптиктер.

adimage