Қазақстанның басым бөлігінде жұма күні жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 09:55, 21-01-2022.

   Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ-Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
  "ҚР аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады-жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын болады, негізінен қар түрінде, желдің күшеюі, боран, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
  Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 1-6 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде-20-22, күндіз-11-13.
  Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде-3-5, күндіз +2+4.
  Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кейде тұман. Шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде-3-5, күндіз +6+8.
  Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман күтіледі, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аудандарда секундына 15-20 метр жел күшейеді. Күндіз -1+4, түнде-2-7.
  Қызылорда облысында таңертең және күндіз орталықта секундына 15-20 метр жел күшейеді. Күндіз -4+1 (солтүстікте -9), түнде-6-11 (солтүстікте-14-19).
  Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі, солтүстігінде таулы аудандарда секундына 15-20 метр жел күшейеді. Күндіз + 4+9, түнде-1-6.
  Алматы облысында түнде солтүстікте, таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз 0+5, түнде-2-7.
  Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Күндіз -2+3 (солтүстікте -5), түнде-1-6 (солтүстікте -10).
  Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз-9-14 (солтүстік-шығыста-17), түнде-17-22 (оңтүстік-шығыста-25).
  Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Күндіз-5 - 10, түнде-12-17 (оңтүстікте -9).
  Атырау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз-1-6 (солтүстікте -9), түнде-5-10 (солтүстікте -15).
  Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз-9-14, түнде-17-22 (оңтүстік-шығыста-12).
  Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз-15-20 (оңтүстікте -12), түнде-20-25 (батыста -28).
  Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде және солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз-9-14 (солтүстік-шығыста-17), түнде-16-21 (солтүстік-шығыста-25).
  Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі. Күндіз-12-17 (оңтүстікте -7), түнде-20-25 (оңтүстікте -15).
  Ақтөбе облысының батысында түнде аздаған қар жауады. Күндіз-10-15 (солтүстік-шығыста -18, батыста -7), түнде-13-18 (солтүстік-шығыста -21, батыста -10).
  Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз-8-13 (шығыста-16, оңтүстікте -5), түнде-17-22 (шығыста -25, оңтүстікте-8-13).


Жаңалықтармен бөлісу: