Астана. 21 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым бөлігінде жаңа жыл мерекесінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жаңа жыл мерекесінде республиканың басым бөлігінде антициконның ықпалымен жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады. Тек еліміздің солтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі: жауын-шашынды, жел тұрады, бұрқасын», - делінген 2018 жылдың 30 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтарына арналған бейсенбіде таратылған консультативті ауа райы болжамында.
Республиканың орталық және шығыс өңірлерінде
ауа температурасы күндізгі уақытта 10...-20 градусқа, ал түнде -15...-25 градусқа дейін төмендеуі ықтимал. Оңтүстік батыс пен оңтүстік шығыс және оңтүстікте температура күндіз 0...-5 дейін төмендеуі мүмкін. Ал түнде -2-ден -12 градусқа дейін суытпақ. Сондай-ақ, оңтүстік аймақтардың кей жерлерінде 5 градусқа дейін күннің жылынуы күтілуде. Батыста синоптиктер күндіз 0...-8 градусқа дейін, ал түнде -5-тен-15 градусқа дейін суытады деп болжап отыр. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік батысында ауа температурасы күндіз -7 -15, түнде -15 -23 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
«2 қаңтарда антициклон басым аумақты қамтиды, соған байланысты күн ашылып, қалыпты аяз күтіледі», - деді синоптиктер.
30-31 желтоқсанда елордасы Астанада синпотиктер боран соғып, қар жауады деп болжап отыр. Бұл күндері желдің екпіні 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с жетеуі мүмкін. Ал жаңа жыл түні елордада күндіз ауа температурасы -7...-12 градусты көрсетсе, түнде -12-ден -17 градусқа дейін күн суытуы күтілуде. 1-2 қаңтарда түнде -20-25, күндіз -15-20 болады.
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері ауа райы ашық және орташа аязды болмақ. Күндіз ауа температурасы 0...-5-ке дейін төмендесе, түнде -5-тен-10 градусқа дейін суытуы ықтимал.
Қазақстанның басым бөлігінде жаңа жыл мерекесінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады
