Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел күшейеді

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – 15-17 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, желдің күшеюімен күн күркіреп жаңбыр күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін. Ал республиканың батысына Архангельск өңірінен антициклон әсерін тигізіп, соның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, ауа температурасы біртіндеп 30…41°С дейін жоғарылайды», - делінген сәрсенбіде таратылған ауа райы болжамында.

adimage