Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсанда синоптиктер аяз түсіп, аздаған қар жауады деп болжауда

Күні: 15:34, 15-10-2018.

Астана. 15 қазан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсанда синоптиктер аяз түсіп, аздаған қар жауады деп болжауда.
«Консультативтік ұзақмерзімді болжамға сәйкес (ақталушылығы 55-60%), алда келе жатқан қыс Қазақстанда салқын және норма көлемінде жауын-шашынды болады деп күтілуде. Алдағы уақытта болжам қысқа мерзімге сәйкес нақтыланады.   (…) Желтоқсанда салқын антициклон жиілейді, Соның салдарынан аязды, аздаған жауын-шашынды ауа райы болады, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан   +1 төмен болады», - деді дүйсенбіде ОКҚ брифингінде «Қазгидромет» РМК гидрометорталығының директоры Марина Шмидт.  
Оның айтуынша, қалыпты сипаттағы жауын-шашын тек еліміздің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батыс, оңтүстіктің кей жерлерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыс мен шығыстың таулы және тау маңы аудандарында өтеді.  
Сондай-ақ, ол атап өткендей, бірқатар өңірлерде, атап айтсақ, еліміздің батысы мен шығысында ауа температурасы қалыпты норма шамасында болады.  
«2019 жылдың қаңтарында еліміздің басым бөлігіне сібір антициклоны әсер етеді.  Соған байланысты температуралық фон орташа көпжылғы мәннен +1 төмен болады және аздаған қар жауады деп күтілуде.  Тек республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде нормаға жақын болады деп күтілуде. Бір айдағы жауын-шашын мөлшері батыста, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде таулы және тау маңында кей жерлерде норма шамасында болады», - деп хабардар етті гидромет орталығының директоры.  
Ақпан айына келсек, онда айтылған ақпарға сәйкес оған ультраполярлық ықпал ету әсер етеді, орташа айлық ауа температурасы көпжылғы орташа мәннен +1+2 төмен болады..
«Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ғана – климаттық норма шамасында болады. Бір айдағы жауын-шашын мөлшері еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, сондай-ақ, оңтүстігі мен шығысындағы таулы және тау маңы аудандарында кей жерлерде норма шамасында болады деп күтілуде», - деді М. Шмидт.


Жаңалықтармен бөлісу: