Астана. 12 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облыстарында алдағы үш күнде бұршақ аралас жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Жоғарғы барикалық жырамен солтүстік теңіздерден ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс күтілмейді. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағаймен жаңбыр және екпінді жел, сонымен қатар күндізгі сағаттарда бұршақ күтіледі. Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - делінген сәрсенбіде 13-15 маусымға арналған ауа райы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, ауа температурасының қысқа мерзімге жоғарылауынан кейін қайта төмендеуі күтіледі, республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады.
«Тек Маңғыстау облысында ыстық және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - делінген хабарда.
Сондай-ақ, «Қазгидромет» екі облыс бойынша дауылды ескерту таратты.
«Күндіз 13 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Орал қ.: күндіз 13 маусымда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 18 м/с, найзағай, бұршақ күтіледі», - делінген дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 13 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деді синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34