Астана. 3 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облыстарында алдағы үш күнде күн күрт жылиды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанға жылжыған антициклон республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын мен күннің сууын тоқтатты. Алдағы үш тәулікте солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, 6 мамырда күндізгі ауа температурасы кей жерлерде плюс 23-28°С, оңтүстік және орталықта плюс 27-32°С дейін жоғарылайды», - делінген жұмада таратылған 4-6 мамырға арналған ауа рйаы болжамында.
Хабарда атап өтілгендей, оңтүстік-шығыста алдағы үш тәулікте әлі де суық атмосфералық фронттың ықпалы сақталады, сондықтан кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді. Жауын-шашынның тоқтауымен мұнда ауа көктемгідей тез жылынады. Ал батыс облыстарында Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан атмосфералық фронттардың жылжуымен найзағаймен жаңбыр және найғазай кезінде желдің дауылды күшеюі күтіледі.
Қазақстанның басым облыстарында алдағы үш күнде күн күрт жылиды
