Қазақстанның басым облыстарында алдағы үш тәулікте қар жауады деп күтілуде

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облыстарында алдағы үш тәулікте қар ажуады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Суық арктикалық ауа массасының келуі күннің суытуына себеп болады. Жауын-шашын, әсіресе Қазақстанның барлық дерлік аумағында қар жауады. Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Бұрынғыдай көптеген облыстарда жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман түседі және ауа температурасы осы кезеңге тән қалыпты температурадан 3...5°С төмен болады», - делінген сәрсенбіде таратылған 18-20 қазанға арналған хабарда.  
Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы ауа райы күтіледі.
«Ауа температурасы күндіз плюс 12...20°С дейін жылынады», - деді гидрометеорологтар.

adimage