Қазақстанның басым облысында алдағы күндері өткінші жаңбыр жауады

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында алдағы күндері өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанға батыс және солтүстіктен жылжыған атмосфералық фронттар алдағы үш тәуліктегі ауа райын анықтайды. Фронттардың өтуімен көптеген облыстарда найзағай және екпінді желмен өткінші жаңбыр күтіледі. Бірақ жаздың жақындауымен ауа температурасы жаңбыр кезінде айтарлықтай төмендемейді, ал оның тоқтатылуымен жылдам көтеріле бастайды», - делінген сәрсенбіде таратылған 30 мамыр-1 маусымға арналған ауа райы болжамында.

adimage