Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте қар жауып, күн салқындайды деп күтілуде

Астана. 15 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте қар жауып, күн салқындайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы күндерде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар, тұман, көктайғақ және түнгі ауа температурасы республиканың көптеген облыстарында минус 2...минус 10°С дейін күтіледі. Сондай-ақ оңтүстік облыстарда да құбылмалы ауа райы болады. Орталық Азия аймағынан жылжыйтын циклон және Қазақстанның солтүстік аймағынан суық арктикалық фронт өзімен бірге, жаңбыр, кей жерлерде қатты және найзағай күтіледі. Ауа температурасы мұндай процестермен орташа көпжылдық мәннен 2…6°С төмен, оңтүстікте нормаға дейін төмендейді», - делінген дүйсенбіде таратылған 16-18 сәуірге арналған ауа райы болжамында.

adimage