Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте күннің салқындауы күтіледі

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында 14-16 қарашада күннің салқындауы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан территориясында Орал және Батыс Сібір аймақтарынан арктикалық фронттардың оңтүстік-шығысқа жылжуымен қар, кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-шығыс желінің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Ал фронттардың артынан арктикалық теңіз акваториясында қалыптасқан антициклон жылжиды. Онымен республиканың көптеген облыстарында күннің суытуы күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Болжамға сәйкес, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түңгі ауа температурасы 13...18, кей жерлерде 20...25 язға дейін төмендейді, бұл орташа көпжылдық мәннен 4…10°С-қа төмен.
«Тек республиканың батысында осы күндері ауа температурасы нормаға жақын және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», - деді синоптиктер.

adimage