Астана. 2 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте түнде үсік күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қыметінен.
«Суық және ауқымды антициклонның орталығы Батыс Сібірдің оңтүстігіне ығысты, ал оның сілемдері алдағы үш тәулікте республиканың көптеген облыстарындағы ауа райын анықтайтын болады. Сондықтан Қазақстан аумағының басым бөлігінде ала бұлтты жауын-шашынсыз және түнгі үсіктермен ауа райы күтіледі», - делінген 3-5 қазанға арналған сәрсенбіде жарияланған ауа райы болжамында.
Ал орталық және шығыс облыстарында түнгі температура минус 1…7°С сақталады, кей жерлерде 12°С-қа дейін аяз.
«Күндізгі температура көтеріледі, бірақ әзірге климаттық нормадан төмен сақталады. Батыс аудандарды қоспағанда, температура көпжылдық орташа мәннен 3…5°С жоғары болады», - деді синоптиктер.
Сондай-ақ, "Қазгидромет" Қостанай облысы бойынша дауылды ескеерту жариялады.
«3 03 қазанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Қостанай қ: күндіз 03 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте түнде үсік күтіледі
