Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынды ауа райы сақталады

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынды ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның көптеген облыстарындағы жаңбырдың жаууы терең және өте белсенді циклон, және онымен байланысты атмосфералық фронттар себеп болды. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты және өте қатты жаңбыр өтті. Алдағы үш тәулікте циклон және онымен байланысты фронттар шығысқа жылжып, бұрыңғыдай найзағаймен өткінші жаңбыр, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек батыста, 9-10 маусымда солтүстік-батыста антициклонның таралуымен жауын-шашынсыз болады, күндізгі ауа температур-асы плюс 28…33°С дейін, кей жерлерде 35…38°С дейін ысыйды», - делінген жұма күні таратылған 8-10 маусымға арналған ауа райы болжамында.

adimage