Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Күні: 16:01, 21-10-2019.

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның басым облысында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстан территорясына келген антициклон республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасының 8...13° аязға дейін төмендеуін және жауын-шашынның тоқтауын тудырды. Алдағы үш күнде антициклонның әсері біртіндеп әлсірейді, ауа температурасы жоғарылайды және атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың тек қиыр солтүстігі мен батысында жауын-шашын күтіледі», - делінген дүйсенібде таратылған 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамында.


Жаңалықтармен бөлісу: